Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирус жұқтырған 611 адам анықталды.
Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (+368 жағдай).
Үшінші орында Алматы облысы (+255 науқас).
Айта кетейік, Алматы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында тұрғанына бірнеше күн болды: 4 сәуірде - 572 жағдай, 3 сәуірде - 647, 2 сәуірде - 647, 1 сәуірде - 595, 31 наурызда - 515, 30 наурызда - 526, 29 наурызда - 545.
Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 921 адамнан COVID-19 анықталған болатын.
#коронавирус #Алматы #пандемия #шектеу #статистика #медицина #індет