USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

«Тақиялы періштеде» Тайлақ рөлін сомдаған актер қайтыс болды

  • 19.қантар.2021, 14:40,
  • 317

Биыл халық оның 85 жасын атап өтуді жоспарлап отырған. 

Қазақ өнерінің «Тақиялы періштесі» атанған Әлімғазы Райымбеков дүниеден өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалмұрат Жүкел әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

Әлімғазы Райымбеков көрерменге режиссер Шәкен Аймановтың қазақ киносының алтын қорына енген «Тақиялы періште» кинофильмі арқылы танымал.

Ол 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында туған. Ғұмырының соңына дейін Талдықорған қаласында өмір сүрді. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы. Биыл аймақ жұртшылығы оның 85 жасын атап өтуді жоспарлап отырған.

Еңбек жолын совхозда жүргізуші болудан бастаған. Ол 1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильміне түсіп, спортшы ретінде эпизодтық рөлде ойнайды. «Қилы кезең», «Көгілдір такси», «Қан мен тер» және «Егер сіз он екі жаста болғанда» фильмдерінде ойнады. Ал, 1968 жылы қазақ киносының мақтанышы «Тақиялы періште» киносында басты рөлді актриса Әмина Өмірзақовамен бірге сомдап шықты. Әбілғазы Райымбеков бас-аяғы 12 фильмге түскен.



#тақиялыперіште #өлім #әртіс #тайлақ #қаза

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.07.2020
27.07.2020
12.07.2020
10.07.2020
26.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031