Бейсенбі күні Алматыда - 128, Атырау облысында - 107, Павлодар облысында - 87, Нұр-Сұлтан қаласында - 76, Қостанай облысында - 65, Ақмола облысында - 59, Солтүстік Қазақстан облысында - 57, Шығыс Қазақстан облысында - 50, Батыс Қазақстан облысында - 43, Қарағанды облысында 35 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар саны 20-ға да жетпейді.
Наурыз айынан бері 160 650 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 352 адам қайтыс болған. 147 512 адам жазылған.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, ауру лаборатория арқылы расталмаған пневмониямен ауырғандардың статистикасын былтырғы 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Оған дейін бұл аурумен қанша адам ауырғаны белгісіз. Содан бергі кезеңде мұндай пневмониямен 46 190 адам тіркелді, 519 науқас қайтыс болды.
Қазір 22 776 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 291 адамның жағдайы ауыр, 49 науқастың жағдайы өте ауыр. 50 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.
#коронавирус #пандемия #эпидемия #індет