"Жаңа жыл бұл - сыйлықтар, ғажайып пен тосынсыйлар уақыты. Бұл мерекені әсіресе балалар жақсы көреді. Жас көрермендерімізге біздің де дайындаған тосынсыйымыз бар. Біз "Қазақфильм" шығарған 10 мультфильмді ашық көрсетілімге шығардық", - делінген киностудияның Instagram-дағы хабарламасында.
10 картина 1971 мен 2009 жылдар аралығында түсірілген. Олар: "Кім патша болады?", "Голубая планета", "Волшебное зеркало", "Держись, ребята!", "Цыпленок", "Чьи уши лучше?", "Менікі", "Последний олень", "Момын мен қарақшылар", "Ұры мен қасқыр".