USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағанды облысында оқу жылы басталғалы 184 бала COVID-19 шалдыққан

  • 26.желтоқсан.2020, 16:31,
  • 523

Оқу жылының басынан бері Қарағанды облысында оқушылар арасында коронавирустың зертханалық расталған 184 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері хабарлады. 

Оның ішінде 107-і күндізгі режимде, 77-сі қашықтан оқыған.
 
Ақпарат бойынша, бүгінгі таңда 5 мектеп қашықтан оқытуға көшірілген. Ақтоғай ауданында - 1, Бұқар Жырау ауданында - 2, Теміртау қаласында - 2 мектеп.
 
Оқу жылының басынан мониторингтік топтар 237 білім беру нысанын тексеріп, 28 жағдайда тәртіпбұзушылықтар анықтаған.

Мектептерде анықталған бұзушылықтар арасында:

- ең көп кездескені - маска тағу режимін бұзу;
- таңертеңгі сүзгінің жүргізілмеуі, дымқыл тазалау сапасыз жүргізілген;
- дезқұралдар, антисептиктер жеткіліксіз және пайдаланылған маскаларға арналған ыдыстар жоқ;
- қашықтық белгілері жоқ, парталар арасындағы арақашықтық сақталмайды, сабақтар арасындағы аралықтың бұзылуы.



#оқушы #карантин #коронавирус #пандемия #қарағанды 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930