Облыста өткен тәулікте 60 адам ауру жұқтырғаны анықталды. Осылайша қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы тұр.
Бұған дейін облыстың бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиев облыс екінші толқынға дайын екенін айтқан болатын. "10 мекемеде коронавирусты анықтау бойынша зертханалар жұмыс істейді, онда тәулігіне 2500-3500 адам тексеріледі", - деген еді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда кейінгі тәулікте тағы 749 адамнан коронавирус анықталған.
#коронавирус #пандемия #атырау #карантин