USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алтынай Жорабева бұрынғы жарының қазіргі әйелі туралы айтты

  • 04.желтоқсан.2020, 17:40,
  • 301

Халықтың сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева бұл күні сахнада ғана емес, желіде де белсенді. Тіпті сахнадан гөрі әлемеуметтік желіден көп шығады. Әнші әр оқырманының пікірін ерінбей оқып, жауап жазып отырады. 

Әнші оқырман сауалына жауап  бере отыра бұрынғы күйеуі Сәбиттің қазіргі әйелі туралы айтты. 

"Динара Абдуллина күйеуіңізді айналдырып тиіп алғаны үшін, төрт қызыңыздың көз жасына қалып, жылатып, бір отбасын шайқалтып, біреудің ала жібін аттағаны үшін арғы дүниедегі ақыреті жаман болар", - деп пікір жазды оқырманның бірі. 

Жорабаева бұл сауалға жауап беріп, Динараның кінәсіз екенін айтты.

"Динараның кінәсі емес ол. Еркекке байланысты бәрі. Әйел деген нәзік, сенгіш келеді ғой. Сезіммен ойнауға болмайды. Мен оларға шын ниетіммен Алладан тек бақыт тіледім. Міне Алланың әділдігі. Осындай жар сыйлады маған. Аллаға шүкір. Алла бізден жақсы біледі ғой. Әр нәрсенің хайыры бар деген осы. Осымен бұл тақырыпты жабайық. Алла әділ", - деп жазды Алтынай ханым. 

Желідегі оқырманы әншінің сөзін қостап, өзіне бақыт тілеп жатыр. 

"Сіз ақылды әйелсіз, сіздерге бақыт тілейміз", "Қыздарыңыздың қызығын көріңіз, өмірге ұл балаңыз келсін", "Өмір кезек, кезінде сіз біреудің күйеуіне тиген едіңіз, енді біреу сіздің күйеуіңізге тиді", "Әркім тағдырына жазылғанды көреді", "Елдің сөзін көңілге ала бермеңіз", - деп жазды олар. 



#алтынайжорабаева #әнші #музыка #сахна #әртіс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.10.2020
30.07.2020
21.07.2020
14.07.2020
09.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930