USD 521.67
EUR 592.46
RUB 6.32
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шымкент әуежайы сатылмады

  • 08.қазан.2020, 16:24,
  • 378

Шымкент әуежайы бойынша сауда-саттық өтпей қалды.

Шымкент әуежайы бойынша сауда-саттық өтпей қалды. Шарт бойынша, әуежай сенім басқаруға беріледі және сатып алу құқығы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткізілген жоқ (сауда-саттық басталған сәттен бері тізілім веб-порталында тендерге (конкурсқа) екіден кем қатысушыдан өтінім қабылданды) - делінген e-auction.gosreestr.kz сайтындағы сауда мәртебесінің сипаттамасында.

Яғни, бір ғана өтінім түскені белгілі болды.

Сауда-саттық 8 қазанда сағат 10.00-де өтуі керек еді.

Еске салайық, Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды.

Мұндай мәлімет электронды сауда алаңының сайтында пайда болды. Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге сомасында белгіленген.

Байқау шарты бойынша жеңімпазға кем дегенде алты миллиард теңге инвестиция салып, қарызды өтеу қажет болады. Объектінің инфрақұрылымын азаматтық авиация саласындағы қазіргі заманғы стандарттарға келтіру қажет екені айтылады. Жолаушылар терминалын қайта құру, арнайы техника мен жабдықтарды жаңарту және жаңғырту. Сайтта басқа да бірқатар шарт бар.



#әуежай #шымкент #сауда #сатылым 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930