USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда кедейлер күрт көбейді

  • 27.қыркүйек.2020, 13:11,
  • 307

 Індет кезінде Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз адамдар саны 5,7 пайызға артқан. 

Індет кезінде Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз адамдар саны 5,7 пайызға артқан. Бұл туралы статистика комитетінің дерегін зерттеген аналитикалық Finprom сайты хабарлады.

2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз ақша алатын адамдар 4,2 пайызды құраған. Бұл 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш.

Ақпарат бойынша, кедейлер саны жағынан Түркістан (12,8%), Солтүстік Қазақстан облысы (7,4%), Жамбыл облысы (6,9 процента) алда тұр. Нұр-Сұлтан (1,4%), Қарағанды (2,4%), Атырау (3,1%) облыстары қалған аймақтармен салыстырғанда "ауқаттырақ" болып шыққан.

Алматы мен Шымкентте тұрғындардың табысы былтырмен салыстырғанда азайған. Алматыда кедейлік деңгейі - 6,2 пайыз (былтыр екінші тоқсанда 2,6 пайыз болған), Шымкентте 6,4 пайызды (екінші тоқсанда 3,1 пайыз) құраған.

Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстанда экономикалық белсенділік төмендеп, коронавирус дағдарысының әсері қатты біліне бастаған тұста "кедейлену" тренді барлық өңірде байқалған. Елде табысы күнкөріс деңгейінен аз 1,1 миллион адам бар.

Шілде айында Дүниежүзілік банк індеттің кесірінен Қазақстанда тағы 800 мың адам кедейлер қатарына қосылады деп болжаған еді. 2020 жылы кедейлік деңгейі "болжалды" 8,3 пайыздан 12,7 пайызға дейін артуы мүмкін.



#кедей #қазақстан #түркістан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30