USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирусқа сенбейтін ұшақтағы екі жолаушы ақыры айыппұл төледі

  • 08.қыркүйек.2020, 18:08,
  • 309

Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға ұшақтың бортында әлеуметтік арақашықтықты және маска режимін сақтауды сұрап, оны орындамаған жағдайда айыппұл салынатынын ескертті.

- Отандық және шетелдік авиакомпаниялар қауіпсіздік жүйесінің толыққанды болуына мүдделі. Алайда, қазақстандықтар ұшақтың бортында шектеулі талаптарды сақтамай, айналасына қауіп төндіреді. Мысалы, бүгін екі жолаушы 30 АЕК (83340 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жерге қонар алдында және ұшақ маска киюден бас тартқан, - деді Байғабылов.


Сондай-ақ, ұшақ жерге қонғаннан кейін жолаушылар салоннан тезірек шығу үшін орнынан ерте тұрып, кезек қалыптастырады, бұл да ауру жұқтыру қаупін туғызатын жайт.


- Негізінен, жолаушылар әлеуметтік қашықтық тіркеу кезінде және ұшаққа отырғызу кезінде сақтайды, бірақ бортта емес. Әдетте, шетелдік жолаушылар әуе лайнерінде сыртқа кезекпен шығады, тәртіп сақтайды. Біздің елімізде жолаушылардың бортта әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтындығы бойынша бізге келіп түскен көптеген шағым бар. Осыған байланысты осы аптада біз ұшақтан түсу кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған жағдайда жолаушыларды айыппұлға тарту шараларын әзірлейтін боламыз, - деп қорытындылады сөзін ол.


#ұшақ #коронавирус #айыппұл 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2020
26.07.2020
21.07.2020
09.06.2020
11.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930