USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ағаділдің асына барған қызылордалық белсенді Әлиев түрмеге қамалды

  • 27.августа.2020, 16:38,
  • 430

Ағаділдің асына барған қызылордалық белсенді Әлиев 10 тәулікке қамалды.

26 тамызда Ақмола облысының Целиноград аудандық соты Қызылорда облысының 60 жастағы тұрғыны, белсенді Айтбай Әлиевті Әкімшілік кодекстің "заңсыз шеруге қатысу" бабымен (288-баптың 6-тармағы) кінәлі деп тауып, 10 тәулікке қамады. Сот қаулысында белсендінің Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қаза болған белсенді Дулат Ағаділдің "асына барып, жүзден аса адаммен бірге мазарға дейін шеруге қатысып, марқұм белсендінің атын айтып ұрандатқаны" жазылған. Ағаділ асы 8 тамызда марқұмның туған ауылы – Ақмола облысы Талапкерде өткен.

Істі Целиноград аудандық сотының судьясы Д. Мерзадинова қараған. Сот қаулысында Әлиевтің "кінәсін мойындағаны" айтылады.

Белсендінің ұлы Талант Әлиевтің сөзінше, әкесін полиция сот қарсаңында көшеден әкеткен.

– Кеше [26 тамызда] сағат 17.35 шамасында [полицейлер] әкемді көшеден алдын ала ескертпестен ұстап алып кетті. Жарты сағаттан соң, 18.00-де Целиноград аудандық сотында онлайн-соты өтті. Полициядан "Не үшін ұстадыңдар?" сұрағанымда "Ағаділдің асына барып, құран оқығаны үшін" деді. Бұл қудалау ғой, – дейді Әлиевтің ұлы.

Бұл – Қармақшы ауданы Жосалы кентінің тұрғыны, белсенді Айтпай Әлиевтің ісі қаралған бір апта ішіндегі екінші сот.

25 тамызда Қызылорда облыстық соты Әлиевке қатысты қалалық сот шығарған үкімді күшінде қалдырған. Биыл шілдеде Қызылорда қалалық соты Әлиевті "тыйым салынған экстремистік ұйымның жұмысына қатысты" (Қылмыстық кодекстің 405-бабы 2-тармағы) деп танып, 6 айға бостандығын шектеген. Істің қозғалуына Әлиевтің Нұр-Сұлтан "экстремистік ұйым" деп таныған, Еуропарламент "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының бағдарламасын, оның жетекшісі қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті "толық қолдайтынын" айтуы себеп болған.

Биыл ақпанда түрмеде белгісіз жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің асына дейін де, кейін де Қазақстанның бірнеше қаласында белсенділер ұсталды. Кейбір азаматты полиция жолдан әкетті.

Құқық қорғаушылар мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Орал қалаларында 22-24 тамыз арасында Ағаділдің асына қатысып, бейітіне барған жиырмадан аса белсенді Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 488-бабының 6-тармағымен "заңсыз шеруге қатысты" деп айыпталып, 10-15 тәулікке қамалған. 10 адамға осы бап бойынша 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.



#ағаділ #ас #әлиев #түрме #қылмыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.02.2020
25.02.2020
25.02.2020
25.02.2020
30.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930