USD 518.39
EUR 603.09
RUB 6.68
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда ер адам тұрғындарға оқ атқан

  • 11.августа.2020, 18:30,
  • 312

Алматыда тыныштықты бұзған ер адам тұрғындарға тапаншадан 3 рет оқ атқан.

Әлеуметтік желіде Алатау ауданындағы "Алмалы" тұрғын үй кешенінде болған төбелестің видеосы жарияланған. Онда ер адамның төбелес шығарғанын көруге болады.

Оқыс оқиға 8 тамызда болған.

"Екі тұрғын тыныштықты бұзған мас ер адамнан музыканы өшіруді өтінген. Осы сәтте ол екі тұрғынға шабуыл жасаған. Ер адам тапанша алып шығып, оларға оқ атқан. Тіпті бір тұрғынның басын тапаншаның сабымен ұрып жіберген. Оқ бос болған. Оның дыбысы қатты шыққан.

Кейін төбелес басталған. Жергілікті тұрғындар оны жерге жатқызып, полиция келгенге дейін ұстап тұрған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір тұрғын бас жарақатын алды. Ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның басын тіккен", - деп жазылған Instagram желісіндегі zhest_kazakhstan парақшасында.


#оқ #алматы #қылмыс #тәртіпбұзушы

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031