USD 541.54
EUR 629.16
RUB 6.64
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Күрестен олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды

  • 02.августа.2020, 15:30,
  • 662

Мәскеу олимпиадасының алтын медаль иегері, грек-рим балуаны Жақсылық Үшкемпіров 69 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлады.

"Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді..." делінген федерацияның Instagram желісіндегі хабарламасында.

Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген. Мәскеудегі 1980 жылғы олимпиада ойындарында 48 килограмм салмағында чемпион атанған. Балуан олимпиададан соң 1981 жылы әлем біріншілігінде алтын медаль алған.

Марқұмның өлімінің себебі айтылмады. Қазақстанда коронавирус пен белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония өршіп тұр.


#жақсылықүшкемпіров #өлім #олимпиада #чемпион 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.07.2020
01.12.2019
09.09.2019
15.08.2019
25.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031