USD 510.84
EUR 579.7
RUB 6.39
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Құрбан айт мерекесінде Атырауда блок-бекеттер қойылмайды

  • 29.июля.2020, 11:30,
  • 593

Атырауда азаматтардың қозғалысы үшін блок бекет орнатылмайды.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаева Құрбан айт мерекесі кезінде Атырау аумағына кіру ережелерін түсіндірді.  


Бірнеше жерде Атырауда Құрбан айт мерекесі кезінде блок-бекеттер орнатылады деген жалған ақпарат шықты. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Онда 31 шілде мен 2 тамыз аралығында ірі қара мен ұсақ малдарды қалаға әкелуге тыйым салынады деп нақты айтылған, - деді Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаева.


Қаулыға сәйкес, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің полиция департаментіне, аумақтық инспекциясына 31 шілде сағат 00.00-ден 02 тамыз сағат 20.00-ге дейін Атырау қаласына кіре берісте мал әкелуге жол бермеу және жолын кесу бойынша бекеттер ұйымдастыру тапсырылды. 


Адамдар мен көлік құралдарының қозғалысына ешқандай шектеулер жоқ. Бірақ шектеу шаралары мереке және демалыс күндері қолданылатынын ескертеміз. Осы орайда, тағы да қайталап өтейін азаматтардың қозғалысы үшін блок-бекеттер орнатылмайды, - деді Жанар Досымбаева.


#атырау #құрбанайт #блокбекет

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.07.2020
21.07.2020
19.07.2020
18.07.2020
29.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031