USD 448.89
EUR 477.93
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Академик Кенжеғали Сағадиев өмірден озды

  • 26.июля.2020, 10:00,
  • 322

Қазақстандық экономист әрі қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында қайтыс болды. 25 шілдеде оның жүрегі тоқтаған. 

"Өкінішке қарай, жаппай тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Оны танитындардың бәрі оның терең ой-өрісін, жан дүниесін және жақын адамдарына деген қамқорлығын жақсы біледі. Өте жақсы өмір сүрген ұлы адам", - деді оның отбасы.

Олар жерлеу рәсіміне тек отбасы мүшелері қатысатынын айтты. Кенжеғали Сағадиевті еске алуға арналған басқа іс-шаралар 2021 жылы 25 шілдеде өтеді. Бұл оның өсиеті екен.

Кенжеғали Сағадиев - көрнекті ғалым-экономист, профессор, Қазақстан Республикасына ғылым мен техника саласында еңбек сіңірген қайраткер. 445-тен аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 20 монография мен оқулықтың авторы.

Әр уақытта ол Қазақстанның 5 ірі жоғары оқу орнын басқарған. Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы және президенті болып сайланған.

2012 жылдан 2014 жылға дейін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші (2004-2007 ж.) және төртінші (2007-2011 ж.) шақырылымында депутат болып сайланған, Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болған (2004-2007 ж.).

Кенжеғали Сағадиев - бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің әкесі.



#кенжеғалисағадиев #профессор #өлім

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.07.2020
12.07.2020
26.06.2020
14.01.2020
25.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930