USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Белсенді Әлнұр Ильяшевті қамаудан босатпады

  • 24.сәуір.2020, 13:30,
  • 617

22 сәуір күні Алматы қалалық соты белсенді Әлнұр Ильяшевтің қамаудан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Рахманов хабарлады

Баспасөз конференция барысында аппеляциялық коллегия адвокаттың берген шағымын қарастырған еді. Алайда оны қанағаттандырмай, қамау астында қалдыру санкциясын өзгеріссіз қалдырды. Тергеу орындарының істі "ауыр" деп атағанымен, тергеу аяқталды деген үкімді қайталауда. Адвокат Әлнұрдың өз қолымен жазған өтінішін тергеушіге не тергеу басқармасына не полиция департаментіне өткізе алмай жүргенін де айтты.


Алматы қалалық соты аппеляциялық процесстер туралы ақпараттың "жабықтығын" алға тартып, шешімге байланысты түсініктеме берген жоқ. 


Адвокаттың айтуынша, психологиялық-филологиялық сараптама барысында "қитұрқы" сұрақтар қойылды, қорытынды жорамалға негізделген деседі. Рахманов сонымен бірге белсендінің Facebook-тағы жазбалары мен іс материалындағы сәйкессіздіктер туралы да айтқан.



Билікті сынап жүрген азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев "Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген күдікпен 17 сәуірде ұсталып, екі айға қамалған болатын.

скачать dle 12.0
Фото авторы : vlast.kz
Тағы да оқыңыздар:
25.02.2020
13.01.2020
09.12.2019
22.10.2019
03.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930