"Иә, бүгінде расында да медициналық бетперделердің тапшылығы байқалады. Бастапқыда осы мәселе айтылғанда халық дүрлікті. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде осы жағдай. Сондықтан да, әрине, бетперде жетіспеушілігі бар. Мемлекет осы мәселені бақылауға алды. Қазақстанда бетперде жеткілікті болады. Тағы да қайталап айтамын, кейбір дәріханаларда бетперделер жоқ болса, бұл Қазақстан ештеңеге дайын емес деген сөз емес", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.