"Бүгінде 100-ден аса адамнан жауап алынды, процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті процессуалдық дәлелдерді алған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады", - деді Қожаев.
"Қылмыстық істер өте көп, оған қоса, күнделікті тағы қосылып жатыр. Себебі қақтығысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Бүгінде 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.
Ведомство өкілі нақты қанша адамның ұсталғаны жайлы мәліметті кейінірек айтуға уәде берді.