Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты.
Министрдің айтуынша, әлемдік рейтингте Қазақстан сырқаттану жағдайы бойынша 110-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 222 елдің ішінде 102-орында тұр.
"Соңғы бір айда аурушаңдық 3,1 есеге, стационарлық және амбулаториялық жағдайда ем алып жатқан науқастар саны 1,7 есеге азайды. Инфекциялық төсек-орындар 23%, реанимациялық төсектер 20% толы. Жалпы алғанда, COVID-19 ауруының оптимистік сценарийімен келе жатырмыз", - деді Алексей Цой.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша көптеген өңірлер және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» тұр. «Сары аймақта» Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Бүгінгі таңда 8,8 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың 78%-ы, сондай-ақ 8,3 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 73%-ы екінші компонентін алды.