COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК мәліметтеріне сәйкес, 17 желтоқсанда елімізде аурудың 494 жаңа жағдайы анықталды, бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 52-ге аз көрсеткіш.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 494 жағдай тіркелді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 88,
Алматы қаласында – 29,
Шымкент қаласында – 8,
Ақмола облысында – 63,
Ақтөбе облысында – 0,
Алматы облысында – 8,
Атырау облысында – 3,
Шығыс Қазақстан облысында – 19,
Жамбыл облысында – 4,
Батыс Қазақстан облысында – 6,
Қарағанды облысында – 93,
Қостанай облысында – 35,
Қызылорда облысында – 4,
Маңғыстау облысында – 2,
Павлодар облысында – 59,
Солтүстік Қазақстан облысында – 72,
Түркістан облысында – 1.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 982 475-ке жетті.