USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Заңсыз тіркелген көліктердің көпшілік бөлігі Түркістан облысында

  • 09.қараша.2021, 17:09,
  • 137

8 қараша күні ҚР ІІМ ресейлік нөмірдегі көлік тексерісіне қатысты пікір білдірді.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 150 мың машина заңсыз қолданылуда, ел азаматтары Ресейде есептен алынған көліктерді сенімхат арқылы жүргізіп жүр.


РФ ІІМ криминалды полициясы берген тізім бойынша 600 автомобильдің ұрланғаны анықталды. Одан бөлек, біздің азаматтар сақтандырған 210 мың машинаның 88 мыңы Ресейде есепте жоқ.


"Ауадағы" 88 техниканың 12 мыңын Түркістан облысының тұрғындары сақтандырыпты.


Басқа аймақтарда жағдай мынадай:


Ақтөбе облысында — 10 мыңнан аса;
БҚО-да — 9 200-ден аса;
Қостанай облысында — 7 700-ден аса;
Қызылорда облысында — 6 200;
Атырау облысында — 5 800;
Нұр-Сұлтанда — 5 000;
Алматы облысында — 1 500-ге жуық;
Алматыда 1 200-ге жуық автокөлік бар.


Қазақстанда ресейлік нөмір таққан көлік жүргізушілерін тексеру басталды. Ресейде есептен шығарылған, бірақ біздің жолдарда жүйткіп жүрген машиналар айыптұраққа қойылып жатыр. Ал Ресейде тіркеуде тұрған, құжаты түгел көлікті жол ережесі мен ел аумағында қолдану мерзімін сақтай отырып қолдануға еш тыйым жоқ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2021
15.09.2021
19.08.2021
30.07.2021
25.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031