USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәсліхат депутаты электронды шылып темекімен теңестеруді сұрады

  • 09.қараша.2021, 16:48,
  • 100

Елордада жасөспірімдер электронды темекіні жиі қолдана бастады. Бұл тек ата-аналарды ғана емес, депутаттарды да алаңдатып отыр. Халық қалаулылары осы өнімнің сатылымын реттеуді ұсынды.

Аталған мәселені мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов көтерді.


"Қазір электронды темекі үлкен мәселеге айналды. Оны тек жоғары сынып оқушылары ғана емес, бесінші сынып оқушылары да шегетін болыпты. Электронды темекіге қол жеткізу де оңай: кез келген жерде сатып алуға болады. Сол себепті қандай да бір шара қолданайық! Мен мүлдем тыйым салайық деп отырғаным жоқ, тек оны темекі өнімдерінің қатарына қосып, 21 жасқа толған тұлғаларға ғана сату керектігін айтып отырмын", – деді Каналимов.


Депутат темекі шегу балалардың денсаулығына зиян келтіріп отырғанын айтады.


"Бұлай болмайды! Бұл – сұмдық, себебі біз бүкіл бір ұрпақты улап жатырмыз. Олар қазір салдары туралы ойламауы мүмкін, бірақ электронды темекіні жиі қолдану бедеулік сияқты түрлі ауруға әкеледі", – деді спикер.


Депутат бұл жұмысты Денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат басқармаларына, сондай-ақ полицияға бірлесіп жүргізген жөн деп санайды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.11.2021
28.10.2021
06.07.2020
13.05.2020
16.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930