USD 521.81
EUR 543.67
RUB 5.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша тұңғыш бала дүниеге келді

  • 30.қазан.2021, 15:38,
  • 182

Қазақстанда Президенттің "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-тегі парақшасында жазды.


"2021 жылдың 15 қазанында еліміздегі ЭКО бағдарламасы сәтті өткізіліп, президенттік бағдарлама "Аңсаған Сәби" бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді. Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметі бойынша: сәби Қазақстанда ЭКО арқасында дүниеге келген 25 мың баланың ішінде алғашқылардың бірі болды. Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында тұратын Дана алғаш рет репродуктивті медицина институтына 9 жылдан бері жүкті болмай жүргенін айтып, көмекке жүгінген. Дана "Жас-ай" медициналық орталығында аға медбике болып жұмыс істейді, ал оның күйеуі электрик Қуандық көпке дейін материалдық жағдайына байланысты ЭКО жасата алмай жүріпті. Ерлі-зайыптыларға "Аңсаған сәби" бағдарламасының квотасы бойынша ЭКО әдісімен жүктілікті жоспарлау ұсынылды. Көптен күткен алғашқы жүктілік дәрігер Косетова Аяулым Берікболқызына қаралып, алғашқы квоталық ЭКО бағдарламасы жүзеге асырылғанда тіркелді, 15 қазан күні №3 қалалық перзентханада салмағы 3156 келі, бойы 52 см Арман есімді дені сау ұл бала дүниеге келді", - делінген министр жазбасында.


Тарихи деректер: Қазақстандағы алғашқы ЭКО зертханасы 1995 жылы Алматы қаласындағы қалалық адам репродукциясы орталығында бас дәрігер Тамара Мұфтахқызы Жүсіпәлиеваның жетекшілігімен ашылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031