USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еңбек нарығында қандай өзгерістер болып жатыр?!

  • 26.қазан.2021, 15:31,
  • 217

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов пандемия мен демографиялық ахуал еңбек нарығына жаңа өзгерістер енгізгенін айтты.

"Біріншіден, жұмысқа қойылатын талаптар тез өзгеріп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, алдағы бес жылда жұмысқа қажетті негізгі дағдылардың 40%-ы өзгереді. Әрбір екінші қызметкерді қайта даярлау қажеттілігі туындайды", - деді министр Үкімет отырысында.


Екіншіден, демографиялық тәуекелдер бар. Мысалы, өнеркәсіп саласында кадрлар қартайып барады. Бұл салада жастардың 20%-ы ғана жұмыс істейді.


"Үшіншіден, жұмыстың жаңа форматы. Қазіргі уақытта еркін табыс экономикасы немесе гиг-экономика, фрилансерлер қарқынды дамып жатыр. Олардың қызметін заңнамалық реттеу және еңбек құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажет", - деп атап өтті Шапкенов.


Осыған байланысты министрлік "Кәсіби біліктілік туралы" заң жобасы, әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша бірқатар бастамаларды ұсынды. Бұл бағытта электрондық еңбек биржасы базасында оқу порталын дамыту және кәсіптік бағдарлау бойынша электрондық сервистерді құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Бұған дейін еңбек министрлігінің басшысы пандемия басталғаннан бері өнімсіз жұмыспен қамтылғандар саны 7,4%-ға дейін төмендегенін айтқан болатын. Жұмыссыздық 4,9 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 пайызға дейін төмендеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.08.2021
02.09.2021
10.02.2021
10.09.2020
02.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930