USD 515.18
EUR 570.66
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мысық пен иттің етін жеу Қазақстанда тыйым салынды

  • 08.қазан.2021, 14:54,
  • 245

Қазақстанда тұңғыш рет үй жануарларының етін пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты.

"Біз үйде ұсталатын барлық жануарды қамтитын тізім жобасын әзірледік. Иттер, мысықтар, тотықұстар, аламан (хомяк), ақ тышқандар дегендей. Бұл - үй жануарлары ретінде танылған жануарлардың негізгі классикалық тізімі", - деді Әлия Шалабекова ОКҚ-да өткен брифингіде.


Үй жануарларының етін жегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" жаңа Заңда қарастырылған.


"Бұл өлтіруге, жануарға деген қатыгездікке жатады, сондықтан оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді экология вице-министрі.


Оның айтуынша, уақытша паналау орнынан итті алған адамның кейін оны жеп қойған жағдайы болған. Жаңа заң бойынша уақытша паналау орнында иттің қандай жағдайда өмір сүріп жатқаны үнемі тексеріліп отыратын болады. Сатып алынған немесе сыйға тартылған үй жануарларына келетін болсақ, онда бұл арада кейбір жауапкершілік көршілерге жүктелетін болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.10.2021
12.10.2021
27.09.2021
13.03.2020
26.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930