Оның айтуынша, алты аймақ - Алматы, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай облыстары "сары" аймақта. Сонымен қатар "жасыл" аймақта алты өңір бар: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы. Бес өңір - Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары "қызыл" аймақта әлі қалып отыр.
"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыруға қол жеткізілді. Тәулігіне 2000-ға дейін жағдай тіркеліп жатыр, бұл инфекцияның таралуына түрткі болып отыр. 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,2 есеге, яғни - 1,11-ден 0,96 ға дейін төмендеді", - деді Денсаулық сақтау министрі Мәжілістегі үкіметтік сағатында.
Тұтастай алғанда, 1 тамыздан бастап жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың қамтылу деңгейі 56%-дан 36%-ға, ал жан сақтау бөліміндегі орындар 45%-дан 33%-ға дейін төмендегені байқалады. Дегенмен оған қарамастан резервтік төсек-орын қоры дайындалып қойылды.