USD 482.53
EUR 555.44
RUB 5.92
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында 2 мыңнан аса оқушы карантинге жіберілді

  • 14.қыркүйек.2021, 09:36,
  • 143

Алматы облысында 120 мектепте коронавирус анықталып, 2,5 мың оқушы карантинге жіберілді.

"Егер бір бала ауырса, онда тұтас сынып екі апталық карантинге жіберіледі деген алгоритм бекітілген. Екі аптадан соң олар қайта мектепке оралып, қалыпты жағдайда оқи береді", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов дүйсенбі күнгі брифинг кезінде.


Жаңа оқу жылы басталғалы бері облыста 422 оқушы, 47 мұғалім коронавирусқа шалдыққан.


Өткен аптада Алматы қаласында жаңа оқу жылы басталғалы бері 89 оқушының Covid-ке шалдыққаны хабарланған еді. 8 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, республика бойынша 426 оқушыдан вирус анықталған.


1 қыркүйектен бастап Қазақстанда оқушылардың басым бөлігі офлайн оқуға оралған.


Бұған дейін билік қазан айында 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге батыс компаниялары әзірлеген коронавирусқа қарсы Pfizer екпесі салына бастайтынын айтқан. Денсаулық сақтау министрлігі "вакцинаны ешкімге мәжбүрлемейміз, екпе ата-аналардың рұқсатымен егіледі" деп мәлімдеген.


Алматы облысында қазір күніне 300 төңірегінде науқас тіркеліп жүр. Індет басталы бері мұнда 47 мыңнан астам адам коронавируспен ауырған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.08.2021
26.07.2021
21.07.2021
13.07.2021
31.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031