USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дарынды оқушыларға Үкімет қолдау көрсетеді

  • 01.қыркүйек.2021, 13:18,
  • 199

Дарынды оқушылар гранттар мен сыйақылармен марапатталады. Сондай -ақ олардың мұғалімдеріне ынталандыру шаралары қарастырылған. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

"Тағы бір мәселе туындап жатыр, мұны басқа түскен зобалаң деп айтсақ та болады. Балалар мектепті тастап кетеді, себебі оны қажет деп санамайды. Үкіметке бұл мәселені байыпты түрде шешуді тапсырамын. Атап айтқанда, қашықтан оқыту форматтарына арналған ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру арқылы. Біздің білім қолжетімді және инклюзивті болуы керек", - деді Президент.


Сонымен қатар Тоқаев бұл ретте жағымды жаңалықтар бар екенін атап өтті.


"Биыл бірнеше қазақстандық мектеп оқушылары халықаралық турнир олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Мұндай дарынды балаларға байыпты қолдау қажет. Біз оларға жоғары оқу орындарына конкурстық емес негізде түсуге гранттар беріп, біржолғы ақшалай сыйақы төлейміз", - деді ол.


Мемлекет басшысының айтуынша, дарынды балаларды тәрбиелеген мұғалімдерді моральдық және қаржылай ынталандыру қажет.


"Жалпыға бірдей білім беру аясында әлеуметтік осал отбасылардың балаларын қолдаудың маңызы зор. Материалдық қолдау шаралары "Цифрлық мұғалім" білім беру жобасымен толықтырылуы тиіс. Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Мен мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жыл емес, үш жыл сайын қажет деп есептеймін. Өйткені, олар жаңа білімнің тасымалдаушысы, нағыз ағартушы болуы керек. Бұл ретте біз мұғалімдердің курстарды өз қаражаты есебінен оқуы сынды жағдайға жол бермеуіміз керек", - деп сөзін қорытындылады Мемлекет басшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.09.2021
16.08.2021
13.07.2021
25.02.2021
22.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930