USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тұрақсыз күн райы сақталады. 17-19 шілдеге арналған ауа-райы болжамы

  • 16.июля.2021, 15:03,
  • 150

Синоптиктер 17-19 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынды. 

Болжамға сәйкес, республикамыздың оңтүстігі мен батысында құрғақ және ыстық ауа-райы күтіледі.


"Еліміздің көп бөлігінде солтүстік циклонның фронтальды бөліктерінің өтуінің әсерінен әлі де найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық ауа-райы сақталады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, солтүстікте кей жерлерде тұман түседі күтіледі, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.


Батыста ауа температурасы түнде +17+25℃, күндіз +28+39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21℃, күндіз термометрлер +20+36℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +23 +35℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22°С, күндіз +29+40°С болады.



#ауа-райы #температура #синоптиктер #Қазгидромет 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031