USD 514.5
EUR 582.67
RUB 6.35
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда ОLIMP KZ ісі бойынша айыпталушылар сотталды

  • 28.июня.2021, 13:40,
  • 186

Алматыда сот Олимп KZ букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарды. 

Алмалы аудандық сотында ОLIMP KZ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Іс бойынша 20-дан аса айыпталушы бар, олардың 11-і сотталушы, ал тоғызы әлі іздеуде. Олар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны, салық төлеуден жалтарғаны, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны (жылыстатқаны) үшін сотқа тартылған.

"Сот қылмыстық іс бойынша айыпталушылар тұрақты ұйымдасқан топ құрып, оның қызметін басқарғанын анықтады. Топтың негізгі қылмыстық әрекеті - букмекерлік қызмет түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру жолымен қылмыстық табыс алу, бюджетке салық төлеуден жалтару және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражаты мен өзге де мүлікті одан әрі заңдастыру", - делінген соттың баспасөз қызметі хабарламасында.

2014 жылғы қаңтардан бері сотталушылар жасаған іс-әрекет:

  • компания серверінің орнын Қазақстаннан тыс жерлерге өзгерту, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің сайтына электрон казино ойынын кіргізу;
  • түскен ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру;
  • шетел валютасына айырбастау және Қазақстаннан тыс жерге әкету үшін курьерлерге беру, сондай-ақ оларды заңдастыру.

Олардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде мемлекетке 95 миллиард теңгеден аса залал келген. Сотталушылар қылмыстық топтың бар екені туралы білмегендерін айтып, кінәсін мойындамады. Қорғаушы тарап соттан сотталушыларды ақтауды сұрады.

"Сот сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді деген қорытындыға келді. Сотта прокурор айыптауды қолдады және барлығына нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот сотталушыларға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың болмауын ескерді", - деп толықтырды сотта.

Сот үкімімен сотталушылар қылмыстық топқа қатысу дәрежесіне қарай 5 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға кесілді. Олар орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

"Сотталушылардың қылмыстық жолмен алынған мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді. Сотталғандардан мемлекет кірісіне материалдық шығын - 95 миллиард теңге өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді Алмалы аудандық сотындағылар.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында ҰҚК ОLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің қызметін тексеруді бастаған болатын. Тергеу мәліметі бойынша, компания заңнама нормаларын бұзған және интернет-ресурстар арқылы белгілі бір кіріс алу арқылы лицензияланбаған қызметті жүзеге асырған. Ал бұл салаға салық салынбады.




#Олимп #букмекерліккеңсе #сот #үкім #жаза #тергеу #іздеу 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.02.2021
25.12.2020
08.09.2020
21.01.2020
09.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031