USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Құрбан Бердыев кеңесші болып тағайындалды

  • 27.мамыр.2021, 15:31,
  • 287

Құрбан Бердыев "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі болды. Бұл туралы құрамның ресми сайтында жарияланды. 

Маман үш бағытта жұмыс істейді: негізгі құрам, клуб академиясы және "Қайрат-Мәскеу" жобасының жұмысын сүйемелдеу және кеңес беру.

"Жұмыс аралас режимде болады. Оқу-жаттығу кездесулері мен семинарларын өткізу үшін Алматыға тұрақты келу және онлайн форматта. Бүгін академия жаттықтырушылар құрамымен алғашқы кездесу өтіп, оның барысында U14 және U15 академия командаларының жаттығу процесіне талдау жасалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Құрбан Бердыев 1991 жылы Мәскеудегі жоғары жаттықтырушылар мектебін бітіріп, екі жыл "Қайрат" бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарған. 1994-1995 жылдары Алматы клубының бас бапкері болды.



#Қайрат #кеңесші #тағайындау #спорт #футбол 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
27.03.2021
27.08.2020
23.08.2020
21.07.2020
22.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031