"Шектеу шаралары қолданыста болған кезең ішінде тіркелген жұмысссыздар саны 120 мыңнан 170 мыңға дейін жетті", - деді Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Сонымен қатар, жұмысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем саны да арта түскендігі айтылды.
"Егер азамат жұмыссыз қалса, онда ол 6 ай бойы кірісінің 40 пайызын алып отыруға құқылы. Бүгінгі күні мұндай адамдардың саны 34 мыңнан асып жығылды. Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарына осы уақытқа дейін жүгініп үлгергендер", - деді вице-министр.