USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

4 мамырдан бастап қандай ұйымдарға жұмыс істеуге болады?

  • 30.сәуір.2020, 13:00,
  • 389

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Отырыс барысында бірқатар шешім қабылданды:


1. Биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; шаштараздар (жазылу бойынша); медицина орталықтары (жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.


2. Биылғы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.


3. 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.04.2020
13.04.2020
28.10.2019
24.09.2019
27.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930