USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коммуналдық төлем қашанна бастап төленбек?

  • 21.сәуір.2020, 10:30,
  • 425

Төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдер бойынша қандай санаттағы тұлғаларға көмек көрсетілетіні белгілі болды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласының энергия тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев кеңірек түсіндіріп берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес Индустрия министрлігі коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу ережесін бекітті.


Осы ережеге сәйкес, өтініш білдіргендердің келесі санаты бойынша жеке шоты бар адамдарға көмек беріледі:


- 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көп балалы отбасылар;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

"Аталмыш санаттағы тұлғалардың тізімі дайын. Өйткені, Алматыда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 62 455 адам бар, олардың 22 мыңға жуығында жеке есеп шот бар", - деді Әсет Масабаев.


Мемлекет сәуір және мамыр айлары үшін 15 мың теңгеден коммуналдық қызмет ақысын төлейді. Өтінім беруге асықпауға болады. Барлық өтініштер мамыр айымен қоса қабылданады.



"Шығындарды өтеу ережесіне сәйкес тұтынушылар ЖСН, әлеуметтік мәртебе және жеке шот мәліметтерімен өтінім беруі тиіс", - деп атап өтті спикер.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.03.2020
05.01.2020
15.11.2019
26.09.2019
02.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930