USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елден ағаш шығаруға тыйым салынбақ

  • 19.қазан.2021, 15:37,
  • 176

Үкімет ел аумағынан ағаштың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салмақ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә Смайыловтың басшылығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында белгілі болды.

"Атап айтқанда, ресейлік ағаштың рұқсатсыз қайта экспортталуын болдырмау, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін ағаштың жекелеген түрлерін қай елде шығарылғанына қарамастан, 6 ай мерзімге дейін ел аумағынан әкетуге тыйым салынды. Мұнымен қоса, Премьер -Министрдің орынбасары әкетуге мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр 6 ай сайын шектеулерді автоматты түрде ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады", - делінген ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсында.


Сондай-ақ, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын әкетуге квотаны ұлғайтудың қажеттілігі мен табиғи уран мен оның қосылыстарына экспорттық кедендік баж салығын енгізу мәселелері талқыланды.


Ә.Смайылов, тұқым өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның оңтайлы көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу қажеттігін баса айтты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.09.2021
03.09.2021
19.08.2021
17.02.2021
13.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031