USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

2020 жылдың мүлік және жер салықтары қалай төленеді

  • 13.августа.2021, 14:15,
  • 319

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың мүлкіне бірыңғай салыққа біріктірілді.

Осыған байланысты салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.


"2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады", - деп еске салды Мемлекеттік кірістер комитеті.



Мүлік салығының сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінен білуге болады.

Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Салық әмияны" бөлімінде көруге немесе осындай объектілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.06.2021
14.06.2021
29.01.2021
14.09.2020
23.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031