USD 495.1
EUR 583.72
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан-Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі кезекте тұрып қалды

  • 24.сәуір.2021, 15:14,
  • 310

Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан "Сырым" өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстаннан шығуға 350-ден аса жүк көлігі жиналып тұр. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлады. 

"Қалыптасқан жағдай шекаралас мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуіне байланысты (тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін "технологиялық өтуді" міндетті түрде ұсынуды талап ету)", - делінген хабарламада.

Ресейден Қазақстанға келе жатқан Ресей Федерациясының "Маштаков" іргелес өткізу пункті ауданында да осындай жағдай қалыптасқаны ескертті. Онда 400-ден аса көлік кезекте тұр.

"Жүк көлік құралдарының жүргізушілерін, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдаушыларды аталған өткізу пункттері арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде осы мән-жайларды ескеруін сұраймыз", - деді ведомстводағылар.



#шекара #Қазақстан #Ресей #кептеліс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.03.2021
16.02.2021
11.12.2020
26.09.2020
06.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728