USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа теміржол ашылды

  • 15.наурыз.2021, 10:33,
  • 231

Қытай мен Қазақстан арасында Қытайдың оңтүстігіндегі Наньнин қаласы мен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласымен байланыстыратын жаңа жүк теміржол бағдары іске қосылды. 

Сенбі күні Наньнин халықаралық теміржол портынан ауыр құрылыс техникасы бар 49 контейнер тасымалдайтын пойыз шығып, жөнелтілген сәттен бастап 13 күн ішінде Қазақстан астанасына жетеді. Ұзындығы 5 031 шақырым болатын бұл бағдар "Қытай –Еуропа" халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында іске қосылды.


Жаңа бағдар іске қосылғанға дейін мұндай тасымалға 45 күннен астам уақыт кететін, – деп мәлімдеді қытайлық Guangxi Construction Engineering Group Construction Machinery Manufacturing компаниясы.


China Railway Nanning Group компаниясының өкілі Чжоу Сытунның айтуынша, жаңа бағдар "Бір белдеу – бір жол" бастамасындағы Наньниннің рөлін арттыруда үлкен маңызға ие.


Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі "Бір белдеу, бір жол" жобасы аясында "Қытай – Еуропа экспресін" дамыту мақсатында темір жолдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға ниетті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.01.2021
27.09.2020
25.07.2020
14.07.2020
03.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031