USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мирзияев туралы ресейлік киностудия фильм түсіруге кірісті

  • 10.наурыз.2021, 14:38,
  • 231

Путин туралы фильм түсіргендер Мирзияевке кірісті. Ресейлік "Мастерская" киностудиясы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев туралы деректі фильм түсіруге кірісті. Фильмге "Өзбеккино" көмектесіп жатыр. Тапсырысты Өзбекстан президентінің әкімшілігі берген.

"Фильм биыл тамыз айында, Өзбекстандағы президент сайлауы қарсаңында көрсетілмек", дейді centralasian.org.


"Мастерская" кино компаниясы 2015 жылы Ресей президенті Владимир Путин жайында "Президент. Жаңа Ресей тарихы" деген фильм түсірген. Фильм сыншылар тарапынан Путинді мақтап-мадақтау деген сынға қалған. 2018 жылы аталған студия тележүргізуші Владимир Соловьев пен Владимир Путиннің бір жарым сағаттық сұқбатын жариялаған.


Киносыншы Акмал Ризаевтың сөзінше, Мирзияев туралы түсіріліп жатқан фильмнен хабары бар, Путин жайындағы фильме ұқсайды. Оның продюсері қазақстандық Саида Медведева екен.


Медведева қазір Ташкентте, фильмді түсіруді бастап кетті. Фильмді 1 қыркүйек, Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әрі президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны кезінде көрсетпек.


Бес жылдық мерзімі аяқталып жатқан Шавкат Мирзияев ешқашан шетелдік БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп көрмеген.

2018 жылы Шавкат Мирзияев 61 жасқа толғанда, "Мәртебелі президент" деген деректі фильм түсірілген.

Өзбекстан кезекті президент сайлауы биыл 24 қыркүйекте өтеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.02.2021
29.12.2020
16.08.2020
02.04.2020
20.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930