Телеарна мәліметінше, биліктің бұл шешіміне аймақтағы күрделі эпидемиологиялық ахуал себеп болған. Жаңа шектеулер демалыс күндеріне ғана қатысты.
Бүгінде 11 миллион халқы бар елде әзірге 80 жастан асқан қарт тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне ғана вакцина салынып жатыр.
Айта кетейік, Грекияда соңғы бір тәуліктің ішінде 1 113 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде, 29 науқас қайтыс болды. Жалпы пандемия басталғалы елде 163 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Олардың 6 мыңға жуығы қайтыс болды.
#Грекия #әлем #коронавирус #індет #пандемия