USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ердоған Ыстамбұлдағы Босфор университетінің студенттерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді

  • 05.ақпан.2021, 13:37,
  • 473

Ердоған түркиялық Гарвард студенттерінің наразылығына қатысты пікір білдірді.

2015 жылы Түркияда өткен парламенттік сайлауда Ердоған басқарған консерватив әділет және даму партиясына үміткер болған Мелиха Булу Босфор университетінің ректоры болып тағайындалды. Студенттер мен оқытушылар Ердоғанның бұл шешіміне наразылық білдірді. Олар ел президентінен жаңа ректорды сайлауға рұқсат беруді сұрайды.  


Булу журналистерге "Түрік Гарварды" аталып кеткен университет ректоры қызметінен кетуге ниеті жоғын айтып жауап берген. Ал Түркия президенті демонстрацияға қатысқан студенттерді террориске теңеді.


"Мен террористік топтардың мүшесі болған жастарды қабылдамаймын. Сіздердің ректор кеңсесін басып алуға тырысқандарыңыз студент емес, террорист екендеріңізді көрсетеді. Түркия террористер жайлаған ел болмайды. Біз бұған ешқашан жол бермейміз. Таксимдегі Гези оқиғасы сияқты оқиға қайталанбайды", - деді президент.

Сонымен қатар, студенттер университет ғимаратына ЛГБТ қауымдастығының туы мен Меккедегі мұсылмандарға арналған қасиетті Қағба ғимаратының суретін салғаннан төрт студентті босатуды талап етті. Оларды Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу айыптап, қамауға алған. Ердоған ЛГБТ қозғалысы түрік құндылықтарына сай емес екендігін айтты.


"ЛГБТ деген ұғым жоқ. Бұл ұлттық және рухани ел. Болашақта да солай болып қалады", - деп түйіндеді ол.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.01.2021
24.09.2020
19.02.2020
12.02.2020
09.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930