USD 462.87
EUR 540.72
RUB 6.16
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Ералаш" авторы Борис Грачевский қайтыс болды

  • 15.қантар.2021, 10:41,
  • 308

Мәскеуде ауруханада "Ералаш" көркемдік жетекшісі Борис Грачевский коронавирустан қайтыс болды. Танымал кинорежиссер 72 жасында өмірден озды, - деп хабарлайды Пятый канал.

Грачевскийдің қазасы туралы журналист Борух Горин Facebook желісінде жазды.

"Енді Борис Грачевский арамызда жоқ. Қаралы хабар", - деп жазды ол 14 қаңтарда кешкі уақытта. 

Сондай-ақ, қаралы хабарды актер және оның досы Владимир Долинский және кинотанушы Вячеслав Шмыров растады.

Жақында дәрігерлер Борис Грачевскийдің жағдайы нашарлағанын хабарлаған еді. 

Ол коронавирус жұқтырып, 27 желтоқсанда ауруханаға жатқызылған. Режиссер ауруға қалжыңмен қарап, палатада түскен селфи жариялаған еді. Кейін екі күн өткен соң жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне түсіп қалған. Рождествода ол өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды деген хабарлама тарап, медикаментоз кома күйіне түскені белгілі болды. 11 қаңтарда Грачевскийдің жағдайы жақсарып келе жатыр еді. 

"Ералаш" - 1974 жылдан бастап М. Горький атындағы балалар және жасөспірімдер фильмінің орталық киностудиясы шығарған кеңес және ресей балалар әзіл-ысқақ киножурналы. Басында кинотеатрларда көрсетілді, кейін телеарнаға шықты.



#грачевский #ералаш #коронавирус #қаза #ресей 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930