USD 521.9
EUR 593.5
RUB 6.39
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шығады

  • 13.қараша.2020, 16:30,
  • 601

Крутой мен Николаев Димаш Құдайбергенге жаңа ән жазды.

"Міне, Димаш екеуміз пандемия жағдайында "Я скучаю по тебе" атты жаңа әннің алғашқы жазбасына келдік... Бұл әннің сөзін менің тамаша досым әрі соавторым Игорь Николаев жазды. Игорь екеуміз ұзақ уақыт бойы бірлесе туынды жазбаған едік, міне, енді тағы да шығармашылық қоңыраулар, кодтарды өңдеу, жану...

Димашпен де дәл солай - үндестік таңдау, ыңғайлы модуляция, көңіл күй және әдеттегідей талантты өлеңдер, музыка және біздің еліміз (тек біздің елде емес) күтетін дауыс, Димаштың даусы пайда болған сәтте ғажайыпты күту... Бұл әннің тағдыры жарқын, өмірі ұзақ, оған деген махаббат бақытты болады деген үміттемін. Осылайша, шығармашылық азап пен ізденісте өміріміздің тағы бір күні өтті, мен сіздермен, қымбатты оқырмандарым, осыны бөлісуді шештім", - деп жазды Игорь Крутой Instagram-да.

Игорь Крутой видеода ән үзінділерін көрсетті.

Димаштың өзі композиция туралы әлі ештеңе жарияламады, алайда оның әлеуметтік желідегі парақшасында "miss you", яғни "сағындым сені" деген жазба пайда болды.

Игорь Николаев та жаңа әннің жазылуы туралы айтты.


"Әннің дүниеге келуі - баланың дүниеге келуі сияқты: толқу, дайындық, сондықтан мен әннің ғұмыры ұзақ болғанын қалаймын. Әсіресе, досым Игорь Крутойдың әдемі музыкасына өлең жазғанда, мен оның не туралы екенін білгім келеді, өйткені өлеңдер мен музыканың сәйкестігінен біздің сүйікті "Я люблю тебя до слез", "Третье сентября", "Мой друг", "Свадебные цветы" және тағы басқа әндер шыққан!

Міне, енді толқу мен үмітпен "Я скучаю по тебе" атты жаңа әнмен жұмыс істеп жатырмыз, тамаша әнші Димашпен соңғы жазбаны күтіп жүрміз, жаңа әнімізге бақытты тағдыр мен сіздің махаббатыңызды тілейміз", - деп жазды әнші.


#димаш #крутой #николаев #жаңаән #музыка #композитор 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.10.2020
15.09.2020
06.07.2020
02.07.2020
13.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930