Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты шараны ағымдағы жылдың 21 қазан күні тұңғыш рет онлайн режимінде Өзбекстандағы қазақ диаспорасымен өткізу жоспарлануда.
"Дәстүрге айналған кіші құрылтайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізіп келеді. Соңғы жылдары Ресей, Европа қазақтарының кіші құрылтайы өткен. Биыл бірінші рет пандемияға байланысты Өзбекстандағы қазақтардың кіші құрылтайын онлайын режимінде өткізуді ұйымдастырып отырмыз. Кездесудің басты мақсаты бауырлас Қазақстан-Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени-рухани байланыстарын нығайту. Өзбекстандағы қазақ диаспорасына қолдау көрсету, мәдени байланысты кеңейту, олардың түйткілді мәселелерін шешу жолдарын қарастыру", - дейді ДҚҚ Төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.
Осы құрылтайға Өзбекстанның Ташкент, Сырдария, Науаи, Бұхара, Хорезм облысы және тағы басқа елдердегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарының басшылары мен ҚР мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам, өнер қайраткерлері қатысады,-деп хабарлады zakon.kz.
#өзбекстан #құрылтай #ташкент #сырдария #науаи