"Президент бүгін таңертең өзін жақсы сезінді", - деді дәрігер Шон Конли журналистерге.
Ол президенттің сақтық үшін ауруханаға жатқызылғанын айтты.
"Біз қазір президенттің көрсетіп отырған жетістіктеріне өте ризамыз", - деді Конли.
Оның айтуынша, Трампта аздап жөтел мен әлсіздік бар.
Баспасөз мәслихатына қатысқан басқа дәрігерлер президентке оттегі берілмейтінін, тыныс алу және қимыл-қозғалыста қиындық жоқ екенін мәлімдеді. Трампта жұмадан бері температура жоқ.
Трампты емдеу кезінде олар екі эксперименттік препарат қолданған: "Ремдесивир" және антиденелерден жасалған коктейль.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғаны хабарланған.
#дональдтрамп #коронавирус #дәрігер #шонконли