Таиландта 26 наурызда COVID-19 пандемиясына байланысты күшіне енген төтенше жағдай режимі тағы бір айға, 31 қазанға дейін созылады.
Дүйсенбіде Таиланд премьер-министрі генерал Прают Чан-Очтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша ұлттық орталықтың толық құрамы мәжілісінде шешім қабылданды. Бұл туралы орталықтың баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин журналистерге Бангкокта Үкімет үйінде өткен брифингте мәлімдеді.
"Бұл - төтенше жағдай режимін алтыншы рет ұзарту. Шешім әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың әлі жақсармай келе жатқанына байланысты қабылданды, бүгінде дүние жүзінде 33 миллионнан аса адам вирус жұқтырған, коронавирус салдарынан миллион адам қайтыс болған". Бұл шешімді ертең үкімет министрлер кабинетінің отырысында мақұлдайды", - деді Висануйотхин.
#Тайланд #коронавирус #індет #пандемия #карантин