USD 541.01
EUR 640.34
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Гренландиядағы ең ірі мұздық жарылды

  • 15.қыркүйек.2020, 14:37,
  • 879

Гренландиядағы ең ірі мұздықтардың бірінен көлемі 110 шаршы метр болатын мұздың үлкен бөлігі жарылды.

Спутниктен түсірілген суреттер оның ұсақ фрагменттерге бөлінгенін көрсеткен.

Сондай-ақ, 79N атауымен белгілі Ниогхалвфьердс-фьорд мұздығы әлемдегі ең ірі мұздықтардың бірі саналады. Оның ұзындығы шамамен 80 шақырым, ені 20 шақырым. Ол Гренландиядағы арктикалық климатты реттеуде маңызды рөл атқарады.

Зерттеушілер ең ірі мұздықтың жарылуы климаттың тез өзгеріп жатқанын көрсететінін айтады.

"Мұндағы атмосфера 1980 жылдан бері шамамен 3 градусқа көтерілді... Ал 2019-2020 жылдары бұл жерде рекордтық жоғары температура тіркелді", - деді доктор Дженни Тертон.

Ғалымдар мұздықтың бөлігі айсберг флотилиясына айналғанын жеткізді.

Мұхиттанушылар 10-20 жылдан соң мұздықтар еріп, ортасынан жарыла бастауы мүмкін екенін ескертеді.



#мұз #жарылды #гренландия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.07.2020
02.07.2020
08.01.2020
23.10.2019
19.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930