USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресейде сайлау учаскесі отқа оранды

  • 13.қыркүйек.2020, 13:28,
  • 418

Ресейде сайлау учаскесінде өрт шығып, бюллетендер жанып кетті.

13 қыркүйекте бірыңғай дауыс беру күнінде Воронеж облысында сайлау учаскесіндегі бюллетендер жанып кетті. 

Басылымға бұл туралы аймақтағы сайлау комиссиясының төрағасы Сергей Канищев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өрт түнде Солонецк ауылдық жерінде болған. Салдарынан ағаш ғимарат пен екі күнде дауыс берген 400-ге жуық бюллетен жанып кеткен. 

"Біз сейфтегі құжаттарға ештеңе болмайтын шығар деп үміттендік. Кем дегенде сайлаушылардың тізімі қалады деп. Бірақ өрт сөндірушілер сейфті шығарғанда ішінде тек күл қалған", - деді Канищев.

Өрт электр сымының тұйықталғанынан болуы мүмкін. Енді өрт болған жердің қасынан резерв учаске ашылды және тұрғындарды қайта дауыс беруге шақырып жатыр.

Айта кетейік, қазір Ресейде аймақтық дума депутаттарына мерзімінен бұрын дауыс беру жүріп жатыр. 20 субъектіде губернатор сайлауы, 11-інде парламент сайлауы өтеді.



#сайлау #ресей #өрт #жалын #бюллетень #воронеж

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.08.2020
12.07.2020
15.04.2020
13.01.2020
23.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031