Отырыс кезінде судья қорғаушы тараптың куәгері Александр Кобецтен жауап алды. Александр Кобец - жол апаты болған жерге бірінші болып келген куәгер, ол Ефремовтің көлігін басқа адам тізгіндегенін айтқан.
Зардап шеккен тараптың қорғаушылары куәгерге сұрақ қойып жатқанда актер өзін ұстай алмай қалды. Ол адвокаттың сөзіне ашуланды.
"Жоқ-жоқ-жоқ, былай Скабеев айтып жатыр, адвокат емес", - деді Ефремов.
Кейін актер өзінің адвокаты Эльман Пашаевты қорғады. Зардап шеккен тараптың адвокаты Анна Бутырина оны сот залынан шығаруды өтінді.
"Ол куәгерден жауап алуға кедергі жасайды", - деп түсіндірді сөзін заңгер.
#ефремов #сот #апат #өлім