Төтенша жағдай бойынша мемлекеттік комиссияның хабарлауынша, 11-28 наурыз аралығындағы Мәскеу, Стамбул және Нұр-Сұлтанға бағытталған әуе рейстері тоқтатылған.
Комиссия шешіміне сәйкес, бір әуе компаниясы рейстер тоқтаған кезде шетелдегі моңғолдарды елге қайтарумен айналысады. Сондай-ақ, кездесу барысында Моңғолия азаматтарының Ресейге Моңғолия-Ресей автожолы арқылы өтуіне уақытша тыйым салу және 31 наурызға дейін шетел азаматтарының Ресей арқылы кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылданған.
Одан бөлек, 28 наурызға дейін Ұлан-Батыр-Иркутск-Ұлан-Батыр, Ұлан-Батыр-Мәскеу-Ұлан-Батыр бағытындағы теміржол бағыттары өз жұмысын тоқтатты.